Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3020,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-сәуірде 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 101,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3020,3 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 0,9% артық.
Сонымен қатар 2020 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8720 млрд теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 5,9% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 6%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 3,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 0,6% артты.
Бұдан басқа 2020 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 21007 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,7% өсті, соның ішінде экспорт – 13908,5 млн АҚШ долларын (4,2% көп), импорт – 7098,5 млн АҚШ долларын құрады (0,1% аз).
2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 450855 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 442233 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 316011 құрады, оның ішінде 307685 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы сәуірде 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5,5%, азық-түлік емес тауарларға – 1,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,5% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы сәуірде 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,5% төмендеді.