Елімізде мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды

26 Мамыр 2022, 12:35
1763
Бөлісу:
Елімізде мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында «КазПромБезопасность» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын шығаратын өндірістік алаң іске қосылды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

 Аталған жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылды. Өндірістік алаңды құру мен дамыту шараларына 246 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланған.

Елімізде мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды

Кәсіпорын жылу алмасу аппараттарын, конденсаторлар, ауаны салқындататын аппараттар, криогендік жабдықтар, құбыр бөлшектері мен құбырлардың көптеген түрлерін, түрлі металл конструкцияларын шығарады. Өндіріс орны өндірілетін тауар желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

«КазПромБезопасность ПВ» ЖШС өндірістік алаңында жоғары сапалы өнімді дайындау үшін барлық талаптарға жауап беретін заманауи жабдықтар орнатылған.

Елімізде мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды

Өндіріс алаңында қосымша 40 жұмыс орны ашылған. Алдағы уақытта кәсіпорындағы қызметкерлер санын 150 адамға дейін жеткізу жоспарда бар. 

Өзгелердің жаңалығы