Елімізде миллионнан аса адамның 5 млн теңгеден қарызы бар

30 Қаңтар 2023, 12:54
2083
Бөлісу:
Елімізде миллионнан аса адамның 5 млн теңгеден қарызы бар
Фото: Sn.kz

Елімізде миллионнан аса адамның әрқайсысында 5 млн теңгеден аса қарызы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді.

Ол қарызды реттеу тәртібі қалай жүргізілетінін түсіндіріп берді.

2021 жылдың 1 қазанынан бастап елімізде кредит өтеудің қиындықтарына тап болған азаматтардың мерзімін өткен берешегін реттеу тәртібі қолданылады. Бұл банктер мен микроқаржы ұйымдарына да байланысты, - дейді вице-министр.

Реттеу тәртібі қалай жүргізіледі?

Біріншіден, мерзімі өткен қарыз алушылар басталған күннен бастап 30 күн ішінде қарыз бойынша мәселесін шешуі үшін банкке немесе микроқаржы ұйымдарына арыз жазып, жүгіне алады. Борышкер қарызын не себепті кешіктірілгенін көрсетіп, мәселені шешудің оң нұсқаларын береді және кірістің төмендігінен және басқа да жағдайларды көрсету арқылы өзінің арызын ұсынады, - деп айтты ол.

Банктер және микроқаржы ұйымдары 15 күнтізбелік күн ішінде берген арыз бойынша шешім қабылдауы тиіс. Шешім бойынша шарт талаптарына қарыз алушы ұсынылған өзгерістерді қабылдай отырып келісім бере алады. Сондай-ақ шарт талаптарын өзгертуге өз ұсыныстарын бере алады.

Ал егер арыз кері қайтарылатын болса, онда оның себебін толық көрсетуге тиіс. Енді қандай қорытынды шығарылуы мүмкін. Біріншіден, сыйақы мөлшерінің төмендеуін немесе төлемді кейінге қалдыру мәселесі және қарыз мерзімін ұлғайту көзделуі мүмкін. Тағы бір ұсыныс – ол ипотека нысаны болып саналатын жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату туралы шешім қабылдануы мүмкін, - деп түсіндірді Ержан Біржанов ОКҚ-да.

Банкроттыққа арыз берердің алдында осы сұрақ толық шешілуге тиіс. Азаматтардың 95%-дан астамында 5,5 млн теңгеден аса қарыздары бар. Яғни ол 1 млн-нан астам қазақстандық.

Сөзінше, азаматтар жоғарыда айтылған рәсімнен өткеннен кейін ғана банкроттыққа өтініш бере алады.

Арызды азамат «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, яғни E-gov және ХҚКО арқылы электронды нысанда береді.

Бұдан басқа, «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы арыз беру мүмкіндігі іске асырылады.

Өзгелердің жаңалығы