Елімізде мектептер бейнебақылаумен 100 пайыз қамтылды - Бейсембаев

7 Наурыз 2023, 10:20
982
Бөлісу:
Елімізде мектептер бейнебақылаумен 100 пайыз қамтылды - Бейсембаев
Фото: newsroom.kz

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің мектептері бейнебақылаумен толықтай қамтылғанын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Ол мониторинг нәтижесінде білім беру ұйымдарында оң динамика байқалатынын атап өтті.

Оқу-ағарту министрінің мәліметінше, 2020 жылмен салыстырғанда бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету – 2,5 есеге, жедел басқару орталықтарына қосылу – 11 есеге, лицензияланған күзетпен қамту – 7 есеге және дабыл түймесін орнату – 21 есеге артқан.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша  бейнебақылау жүйелерімен білім мекемелері 100 пайыз қамтылған, әкімдіктер оларды нұсқаулықтың жаңа талаптарына сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде. Ал жедел басқару орталықтарына 6 мыңға жуық білім ошақтары қосылған. Лицензияланған күзетпен 2 мыңға жуық, дабыл түймелерімен 2400-ден аса білім беру нысандары қамтылған.Дегенмен, бұл жұмысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірқатар өңірде 2023 жылдың қыркүйегіне дейін толық аяқтауы қажет, - деді Ғани Бейсембаев. 

Өзгелердің жаңалығы