Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды

14 Сәуір 2022, 12:57
1818
Бөлісу:
Елімізде мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағдар беретін ерекше жоба іске қосылды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек облыстағы бірнеше басқарма бірігіп «Өмірлік бағдар» жобасын іске қосқандарын мәлімдеді.

Бұл жобаның мақсаты – облыстағы жастар, оның ішінде мектептің 9-11 сынып оқушыларға кәсіби бағдар беру, мамандық таңдауға көмектесу. Жобаның бағытты аудиториясының бірі - мекетепті тамамдап жатқан оқушылар, яғни Алматы облысындағы 697 мектеп қамтылады.

Биыл облыста 65 434 оқушы мектепті тамамдайды екен, жоба аясында солармен етене жұмыс істеп, олардың алдағы уақытта қандай мамандық таңдайтынын, қай жерге оқуға баратыны жөнінде сұхбаттасамыз.  Екіншіден, мектепте сабақ беріп жатқан 10 мыңға жуық мұғалім қамтылады. Үшінші аудитория – ата-аналар. Бала, ата-ана және оқытушы бірлесіп шешім қабылдағанда ғана бала өзінің өмірдегі бағытын анықтай алады және өзі қалаған мамандығы бойынша оқуға түсе алады. Сондықтан бұл пайдалы әрі тың жоба, – дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол аудандарға баратын арнайы үгіт топтары құрылғанын жеткізді.

Қазір жүз ақпараттық-үгіт тобы бар, олар әрбір ауылдағы мектепті аралайды. Мектептен тыс оқымаған, жұмыссыз жүрген жастармен де сұхбаттасып, оларға қандай мамандықпен білім алуға болатынын, республикалық және облыстық қанша грант қарастырылғаны туралы мәліметтер береді, – деді Болат Керімбек.

Облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаныл Сүлейменова түлектердің мамандық таңдауына қатысты шаруалар әлі де советтік жүйемен келе жатқанын айта келе, биылдан бастап оған ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.

Бұрын баланың қандай мамандыққа баратынын негізінен ата-анасы шешетін. Көпшілік үйдегілердің кеңесімен қаламаған оқуына түсетін. Біздің қолға алып отырған жобамыз жастардың нақ өздері сүйетін мамандығын таңдауына бағдар беру. Қазір елімізде техникалық мамандар жетіспейді және осы мамандықтарға басымдық беріліп отыр, – деді Сүлейменова.

Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат бұл бағдарлама арқылы жастарға еңбек нарығына не керегін түсіндіретіндерін мәлімдеді.

Қазір кәсіпорындар қандай мамандықтарды талап етіп отыр, қандай мамандықтарда жұмыс жоқ екенін жастарға талдап көрсетеміз. Бүгінгі Еңбек нарығын талдағандау жүргізіліп отырады, нәтижесінеде көп мамандықтардың жетіспеушілігі бар. Ол: логопед, дефетолог, мүгедек баламен жұмыс істейтін нұсқаушылар, инженер, электриктер. Бұған дейін біз әр баланың, ата-анаға түсіндіру жұмысын әлсіз жүргізіп, зейініне жете алмадық па екен. Енді сол олқылықтардың орнын толтыру үшін осы жоба аясында мамандықтар бойынша түбегейлі түсіндіру жұмысын жүргіземіз, – дейді Маржан Мұрат.

Басқарма басшылары қазір елімізде кез келген мамандық бойынша білім алуға толық жағдай жасалғанын айта келе, жастар қажетті мамандықтарды игерсе екен деген ойларын білдірді.
 

Өзгелердің жаңалығы