Елімізде мектеп бағдарламалары жаңартылады

12 Қаңтар 2023, 10:32
1305
Бөлісу:
Елімізде мектеп бағдарламалары жаңартылады
Фото: автордан

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр орта білім берудегі негізгі мәселе – білім мазмұны мен білім сапасы екенін атап өтті.

2016 жылдан 2021 жылға дейін мектептер жаңартылған бағдарламаларға көшті. Критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл өте маңызды үрдіс болды. Дегенмен мониторингтік зерттеулерге сәйкес, жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламалары,  жетілдіруді қажет етеді, - деп айтты Бейсембаев.

Осыған орай, Оқу-ағарту министрі ведомство мектеп бағдарламаларын жаңғырту жұмысын бастағанына тоқталды.

Қазір жұмыс тобы құрылды, жаңа мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, былтырғы оқу жылынан бастап қазақ тілінде оқытатын сыныптарда 1-сыныптан тек қазақ тілін оқытуды енгіздік. Орыс тілі 2-сыныптан бастап, ал ағылшын тілін оқыту 3-сыныптан бастап оқытылады. Орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ және орыс тілдері жүргізіледі, - деп айтты ол кеңейтілген алқа отырысында.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқыту талаптары күшейтілді және 5-11 сыныптар үшін өмірлік қажетті бағыттарды игеру бойынша «Жаһандық құзыреттілік» курсы, бастауыш сыныптарда шахмат бойынша факультатив енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы