Елімізде майнинг фермалары бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды

26 Наурыз 2022, 09:23
2054
Бөлісу:
Елімізде майнинг фермалары бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың майнинг фермалары бойынша берген тапсырмасы орындалуда. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

АЙТЫЛДЫ: «Барлық майнинг фермаларын анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеру, сонымен қатар шарттардың берілуіне негіз болған техникалық талаптар мен қызметтің басқа да аспектілерін зерттеу қажет».

ОРЫНДАЛДЫ: - 51 майнинг ферманың заңсыз қызметіне тосқауыл қойылды, 55 ферма қызметін өздігінен тоқтатты;

- техникалық талаптарсыз олардың энергия қуаты көздеріне заңсыз қосылу, арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында рұқсатсыз орнатылу, сондай-ақ салық және кеден төлемдерінен жалтару деректері анықталды;

- 25 қылмыстық іс қозғалып, құны 100 миллиард теңге болатын 67 мыңнан астам құрал-жабдық тәркіленді;

- қабылданған шаралар еліміздегі электр қуатын тұтынуды 600 мегаватқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді;

- майнинг пен цифрлық активтерді нормативтік реттеу ісі қатаңдатылды.

Өзгелердің жаңалығы