Елімізде күн сайын өкпе обырынан 7 адам көз жұмады

18 Тамыз 2023, 11:45
1215
Бөлісу:
Елімізде күн сайын өкпе обырынан 7 адам көз жұмады
Фото: автордан

Алматыда Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Елімізде жыл сайын жыл сайын 3500-ге жуық адам өкпе обырымен ауырады. Статистикаға сенсек, күн сайын өкпенің қатерлі ісігінен 6-7 қазақстандық көз жұмады. Мамандардың айтуынша, аурудың алғашқы белгілері еш симптомсыз өтуі мүмкін, науқастардың тек 6%-ына аурудың бірінші кезеңінде диагноз қойылады. Осы аралықта науқастарға хирургиялық ем-дом көрсетіледі. 

Өкпенің қатерлі ісігі біздің елімізде онкология ауруларынының таралуы бойынша екінші, ал өлім-жітім бойынша бірінші орында тұр. Көбінесе өлім-жітім жағдайы кеселдің кеш анықталуынан орын алады. Өкпенің қатерлі ісігінің дамуына әсер ететін көптеген факторлар бар. Экологиялық жағдай, темекі шегу, сондай-ақ генетикалық факторлар аурудың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Өкпе обырының көпшілігі кеш анықталады – осы уақытта пациентке инновациялық терапия көрсетіледі. Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктер, атап айтқанда, қазақстандық дәрігерлердің қолында бар инновациялық препараттар аурудың кеш сатысында да пациенттердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, – дейді«ҚазОРҒЗИ» АҚ кеуде қуысы онкологы, химиотерапевт Рабиға Қадырбаева. 

Елімізде күн сайын өкпе обырынан 7 адам көз жұмады

Іс-шара барысында дәрігерлер өкпе обырымен ауырған пациенттерде пайда болатын қиындықтар, жүйелік проблемаларды атап өтті. Осы аурудан құлан-таза айыққан адамдардың өмірі жайлы баяндалды. Сондай-ақ өмірге қауіп төндіріп, осы ауруға әкеп соқтыратын жағдайлар да айтылды. 

Тамыз айында бүкіл әлемде Өкпе обырына қарсы күрес күні атап өтіледі. Өкпе обыры – қатерлі ісіктің басқа түрлеріне қарағанда көптеген адамның өмірін жалмайтын ең көп таралған онкологиялық кеселдердің бірі. Осы ретте, «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен конференция ұйымдастырылды. Біз мыңдаған пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартып, өлімге әкелетін осы кеселді созылмалы санатқа ауыстыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда өкпе обырының мақсатты және иммундық терапиясы үшін екі «АстраЗенека» препараты тіркелген. Осы құрылғының арқасында аурудан құлан-таза айыққандар да бар. Бұл кісілердің өмір жолы көпке үлгі боларына сенімдімін. Алдағы уақытта пациенттерге көмек қолын созу үшін инновациялық молекулаларды әзірлеу бойынша жұмысты жалғастырамыз, – дейді Қазақстандағы «АстраЗенека Ю-Кей Лимитед» ЖАК өкілдігінің директоры Мария Шипулева.

Еске салайық, аурудың ерте сатысындағы хирургиялық араласу өкпенің қатерлі ісігін емдеудің ең жақсы әдісі болып табылады. Ауруды дер кезінде анықтау үшін адамдар, әсіресе, темекі шегетіндер, жыл сайын флюорографиядан, қажет болған жағдайда, фибробронхоскопиядан және кеуде қуысының компьютерлік томографиясын түсіру керек, ең бастысы, зерттеу нәтижелерін алған соң, онколог дәрігермен кеңесу қажет.

Өзгелердің жаңалығы