Елімізде креативті индустрияны қолдау қоры құрылуы мүмкін

3 Қыркүйек 2021, 00:36
1153
Бөлісу:
Елімізде креативті индустрияны қолдау қоры құрылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Yкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев тұтыну тауарлары бағасының өсуін тежеу мақсатында инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нарықты отандық өндірістің тұтыну тауарларымен молықтыруға бағытталған жедел және ортамерзімді шаралар қабылданады. Сондай-ақ ақша-кредит саясаты мен қаржы нарығын реттеу шараларын жүзеге асыру  қолға алынады, – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікті тиімді дамыту мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.

Жалпы алғанда, қаржыландыру көлемі шамамен 1 трлн теңгені құрайды. Креативті  индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін «ұтымды» шаралар әзірленеді. Реттелетін сатып алу шеңберінде жеңілдік, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға басым қолжетімділік көзделеді, – деді ол.  
Өзгелердің жаңалығы