Елімізде көру қабілетін қалпына келтіруге 304 адам мүмкіндік алды

19 Мамыр 2023, 18:18
611
Бөлісу:
Елімізде көру қабілетін қалпына келтіруге 304 адам мүмкіндік алды
PHOTO
Фото: ҚазҰМУ баспасөз қызметі

ҚазҰМУ Университеттік клиникасында қасаң қабықты трансплантациялау бойынша күрделі операциялар жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық Денсаулық сақтау саласында маңызды оқиға болды. Елімізде ұзақ уақыт араға салып донорлық қасаң қабықты трансплантациялау операциялары қайта жанданды. «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауының арқасында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университеттік клиникасында 12 науқасқа қасаң қабық трансплантациясы жасалды. Донорлық материалды жоба серіктестері «Medical Consulting Group» және «Lions Eye Institute for Transplant and Research» компаниялары Америка құрама штаттарынан әкелді.

Елімізде көру қабілетін қалпына келтіруге 304 адам мүмкіндік алды

Ең бастысы, бұл көмек дер кезінде көрсетілсе, емделушілер толығымен бейімделіп, экономикалық тұрғыдан белсенді болады. Бұл науқастарымыздың болашағы үшін үлкен әлеуметтік маңызы бар. Бүгінде бұл операциялар Қордың, Денсаулық сақтау министрлігінің, хирургтарымыздың арқасында жасалды. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университеттік клиникасының базасында мұндай операцияларды жүргізу үшін барлық техникалық жағдайлар жасалған, жоғары білікті мамандар бар. Сонымен қатар ҚазҰМУ бұл технологияны өңірлерге таратады және бүгіннің өзінде өңірлерден бірқатар мамандар шақырылды. Осылайша, науқастарымыз шетелге шықпай, тіпті ел ішінде де тұрғылықты жері бойынша осындай көмек алу мүмкіндігіне ие болды, - деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.

Қазіргі уақытта 304 адам қасаң қабықты трансплантациялауды қажет етеді, олардың ішінде кератопластика арқылы – 221 адам, олардың 107 бала (48,4%), артқы қабатты кератопластика – 83 адам.

Елімізде көру қабілетін қалпына келтіруге 304 адам мүмкіндік алды

2 жыл ішінде қасаң қабықты трансплантациялау үшін 304 орган дайындауға және әкелуге «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорынан 373 350 280 теңге бөлінді. Барлық операциялар науқастар үшін тегін түрде жасалады.

Қазақстанда донорлық материалдың жетіспеушілігі ағзалар мен тіндерді трансплантациялауға мұқтаж науқастар үшін өте күрделі мәселе болып табылады. Сондықтан басқа елдердің Донорлық банкінен алынған донорлық материалды қолдану бүгінгі күні бұл мәселенің жалғыз шешімі болып табылады. Бұл операциялардың бірегейлігі, олар қасаң қабықты толығымен өзгертпеуге мүмкіндік береді, атап айтқанда, кез-келген ауру кезінде зақымдалған қабатты ғана ауыстырады. Қазақстанда мұндай операцияларды енгізу көру қабілеті бұзылған адамдардың санын азайтуға айтарлықтай септігін тигізеді», - деп түсіндірді «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Елімізде көру қабілетін қалпына келтіруге 304 адам мүмкіндік алды

Қасаң қабықты трансплантациялау - негізінен шетелде жасалатын ең күрделі операция. Трансплантация кератоконус, бельма және әртүрлі аурулардан кейін қасаң қабықтың бұлыңғырлануы, қабықтағы түзілімдер, жарақатқа байланысты тыртықтар, әртүрлі хирургиялық араласулардан кейінгі асқынулар нәтижесінде қабықтың ісінуі сынды ауруларға қажет.

Елімізде көру қабілетін қалпына келтіруге 304 адам мүмкіндік алды

Бір ескерерлігі, ауыр жағдайларда трансплантацияны кейінге қалдырмаған жөн, біраз уақыттан кейін трансплантацияның маңызы болмайды дейді мамандар. Айта кетейік, бұл операциялар жаңа технология бойынша жүргізіледі, бұған дейін Қазақстанда және ТМД елдерінде мұндай операциялар жүргізілмеген.

Айта кетерлігі, бүгінгі операциялар алдын ала кесілген донорлық материалмен жасалады, бұл бұрын қолданылмаған жаңа технология. Сондай-ақ, катаракта сияқты бұрын жасалған операциялардан кейін зақымдалған қасаң қабық тіндерін трансплантациялау операциялары жасалды. Мұнда науқастың қасаң қабығы толығымен жойылмайды, тек зақымдалған қабық тіндері алынады және ауыстырылады. Бұл тіндерге ота жасау науқастарға көрсетілетін көмектің жоғары деңгейі, - деді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмологиялық орталығының директоры, ҚР ДСМ бас штаттан тыс офтальмологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марат Сүлейменов.

Бірінші кезеңде трансплантация Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген 12 науқасқа жасалды. Бұл негізінен ауыр диагноздары және көру қабілетінің болмауына байланысты өздерін шектеуге мәжбүр болған жас еңбекке қабілетті азаматтар. Бір трансплантация операциясы шамамен бір сағатқа созылды, ал келесі күні науқас әлемді жаңа көзқараспен айқын көре алды. Олар әлі ұзақ оңалтудан және мамандардың тұрақты тексерулерінен өтуі қажет.

Елімізде көру қабілетін қалпына келтіруге 304 адам мүмкіндік алды

Мен Шымкенттен келдім, 25 жастамын, екі көзімде кератоконус бар. Бұл кезде көз пішінін жоғалтады, көру бұлыңғыр болады, бұл туралы айту өте ауыр. Мен 6-7 жылдан бері осылай қиналып келемін. Шетелде мұндай операциялар өте қымбат, сондықтан мен Денсаулық сақтау министрлігінен көмек күттім, маған күт деді, қанша күту керек айтпады. Мұндай диагнозбен өмір сүру өте қиын. Мен әкімдікте жұмыс істедім, 2020 жылы жұмыстан кетуге тура келді, содан бері жұмыс таба алмадым. Қазір бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Дәрігерлерге алғысым шексіз, - дейді науқас Нұрмахамбет Жұмабеков.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университеттік клиникасында донорлық қабықты трансплантациялау бойынша 12 операция сәтті өтті. Жыл соңына дейін мұнда 150-ден астам трансплантация жасалады, ал 2 жыл ішінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 304 науқас көру қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік алады.

Өзгелердің жаңалығы