Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, елімізде жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Инфекциялық ауруханалардағы орындардың жүктемесі 30%, ал реанимациялық орындардың жүктемесі 26%-ды құрап отыр. Дегенмен, бұл аурудың Еуропаның бірқатар елдерінде және шекаралас елдерде өскенін ескерсек, санитариялық талап шаралары жаппай сақталуға тиіс, - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ санитариялық режимді бұзуға жол бергендерге қатаң шара қолдану қажеттігі ескертілді.
Қазіргі уақытта 8,5 млн-ға жуық астам адам бірінші компонентті, 7,7 млн адам екінші компонентті салдырды. 22 қарашадан бастап ревакцинациялау басталады. Барлық өңірлерде әкімдіктер санитариялық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторинг топтарының жұмысы мен тиімділігін күшейтсін, - деп атап өтті Асқар Мамин.
Сонымен қатар Үкімет басшысы егу пункттерінің, медицина ұйымдары мен медицина жұмыскерлерінің әзірлігін қамтамасыз етілуіне қатысты тапсырма берді.