Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артуда – ДСМ

30 Қазан 2022, 12:05
1996
Бөлісу:
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артуда – ДСМ

Елімізде короновирус жұқтырғандар саны тәулік сайын артуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау минстрлігінің 30 қазандағы мәліметі бойынша, осы уақытта елде 832 адам коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр.

Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 755 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ осы уақытта 10 842 875 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 841 адам II компонентін салдырды. Ревакцинациялан,андар саны – 5 607 772.

Өзгелердің жаңалығы