Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жуықтады

10 Қазан 2023, 03:35
1049
Бөлісу:
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жуықтады
Фото: baq.kz

Елімізде 500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған. Олардың 25 пайызынан омирконның «Eris» штаммы анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Қазір COVID-19 диагнозымен ауруханаларда 23 науқас емделіп жатқанын айтты. Жағдайлар жақсы, сырқатты жеңіл түрде өткізіп жатыр. Өлім-жітім дерегі тіркелмеген деп қосты.

Сондай-ақ өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар да жоқ екен. Бас санитар сонымен бірге елде шектеу шаралары енгізілмейтінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы