Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді

3 Желтоқсан 2022, 12:29
1336
Бөлісу:
Елімізде коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді

Қазақстанда өткен тәулікте 173 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 303 адам коронавирус инфекциясынан (–1 116+ және 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды Денсаулық министрлігінен.

Өзгелердің жаңалығы