Елімізде көлік әкелу ережелері өзгереді

Бөлісу:
Елімізде көлік әкелу ережелері өзгереді
Фото: baq.kz

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шыққанына үш жыл болмаған көліктерді әкелуге жаңа ереже енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, енді 3 жыл толмаған автокөліктерді КТБ құжатында (Көлік түрін бекіту) ресми тізімі бар адамдар ғана әкеле алады. Бұл құжат көлік құралының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайды.

Бұрын декларацияланған кез келген тұлға КТБ арқылы автокөліктерді импорттай алатын. Алайда, қазір импорт құқығы осы құжатта тікелей көрсетілгендерге ғана сақталады. КТБ тек заңды тұлғаға беріледі.

Автосалондар көлік алушыларды қосымша қызмет сатып алуға мәжбүр еткен: Сарапшылар артық төлемдердің заңсыз екенін айтты

Бұл өзгерістер Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес белгіленді және Қазақстанға автокөліктерді әкелуді оңтайландыруға бағытталған.

Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде жыл басынан бері 25 мың экологиялық нормаларды бұзу фактілері тіркелген. Автокөліктерге қатысты салынған айыппұл сомасы 437,4 млн теңгені құраған.

Өзгелердің жаңалығы