Киік аулауға рұқсат беріледі

25 Қаңтар 2023, 09:51
2428
Бөлісу:
Киік аулауға рұқсат беріледі

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті биыл 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанға дейін «аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы» бұйрық әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Оған сәйкес, Қазақстанның төрт облысында лимит бойынша барлығы 1815 киік аулау жоспарланған:

Ақмола облысында – 705 киік; 

Қарағандыда – 700 киік;

 Қостанайда – 210 киік;

 Батыс Қазақстанда – 200 киік. 

Құжат ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды. 

Өзгелердің жаңалығы