Елімізде киік санағы аяқталды

5 Қазан 2020, 20:25
4236
Бөлісу:
Елімізде киік санағы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда киіктің үш популяциясына жер үстінде мониторинг жасалды. Мониторинг барысында кездескен барлық киік туралы мәліметтер, олардың жасы, жынысы мен жүріс-тұрысы туралы деректер тіркелді.

Бұл туралы Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мәлімдеді.

Қауымдастық мәліметіне қарағанда, санақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында жүргізілген.

Киіктерді жыл сайын көктемде әуеден санау биыл карантинге байланысты тоқтатылғандықтан күзгі мониторинг жүргізілді. 2019 жылы Қазақстандағы киік саны 334 400 болған еді. Санаққа Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, ҚР БҒМ Зоология институты, «Охотзоопром» қорықшылары және облыстық аймақтық инспекция қызметкерлері қатысты - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы