Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

12 Қазан 2020, 15:35
5633
Бөлісу:
Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?
EX PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр? Әскери оқу орындарда қандай ғылыми жобалар бар? Қазіргі заманғы әскери маман қандай болу керек? Осы және басқа да мәселелер жөнінде Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков сұхбат барысында айтып берді.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Биыл институттың құрылғанына 19 жыл толады. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орталық Азияда кадрлы офицерлерді дайындайтын тұңғыш әрі жалғыз әскери оқу орны. Жақында институтта болып, оның тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.

Генерал-майор Асқар Мұстабеков институт 2001 жылы Мемлекет басшысының қолдауымен құрылғанын айтады. КСРО тұсында әуе қорғаныс күштеріне қажетті мамандар Ресейде дайындалып келген.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Тәуелсіздік алған кезде байланыс мамандарын өз жерімізде әзірлеу қажеттілігі туындады. Сол тұрғыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты құрылды. Қазан айының 15 күні институттың құрылғанына 19 жыл толады. Ширек ғасырға жетер-жетпес осы аралықта көптеген жұмыс атқарылды. Осы күнге дейін екі жарым мыңдай офицер дайындап шығарылды. Олардың барлығы Қарулы күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда міндеттерін атқарып жатыр, - дейді ол.

Елімізде Құрлық әскерлері институты, Әуе қорғаныс күштерінің ұшқыштарды дайындайтын институты бар. Алайда, әскери мамандарды дайындау, еліміздің қорғаныс күшін нығайту үшін аталған әскери оқу орындары жеткіліксіз. Зениттік-зымыранды, радиотехникалық әскерлер, радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімдері, байланыс әскерлері мен автоматты басқару жүйесінің мамандарын дайындайтын төл әскери орны керек болған соң, яғни қажеттілікке байланысты аталған оқу орыны құрылған. Институттың басты бағыты – ҚР Қарулы Күштерінің зияткерлік діңгегін қалайтын, жоғары кәсіби деңгейдегі әскери мамандар дайындап шығару.

Оқуға түскен курсанттар бес жыл білім алады. Оқу орнына тапсыратын талапкерге қойылатын талап та жоғары. Біріншіден, денсаулығы мықты, мығым болу керек, екіншіден, интеллектісі жоғары жастар қабылданады.

Институтта бес сала бойынша мамандық дайындалады. Атап айтсақ, «Әскери істегі радионавигация», «Әскери істегі радиотехникалық инжиниринг», «Әскери істегі радиоэлектроника және инжиниринг», «Әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар». Оқуға түсушілерге қойылатын талап өте жоғары. Талапкерлер физика, математика, информатика сынды негізгі пәндерден үздік болу керек. Оған қоса физикалық дайындығына да қараймыз. Курстанттарға оқуға түскен күннен бастап инженерлік жағын терең меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді, - дейді генерал-майор Мұстабеков.

19 жыл ішінде институттың оқытушылық және профессорлық құрамы қалыптасып, өсе түскен. Мәселен, 19 адамның ғылыми атақ-дәрежесі бар болса, 141 адам магистр академиялық дәрежесіне ие. 11 ғылым кандидаты және 3 PhD докторы бар. 25 әскери қызметкер Қазақстанда және шет мемлекеттердің адъюнктурасында және магистратурасында білім алуда. Барлығы әскер қатарынан өткен, тәжірибелі мамандар.  

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Интститутта шетелдік оқу орындарымен және отандық университеттермен тәжірибе алмасу жағы жақсы жолға қойылған. Оның үстіне институт курсанттары Ресей Федерациясының Воронеж, Смоленск, Санкт-Петербург, Ярослав, Кострома қалаларында өткен ғылыми олимпиадаларға белсенді түрде қатысып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. 2017 жылдан бастап институт базасында ТМД мемлекеттерінің жоғарғы білім беру ұйымдары курсанттары арасында математика пәнінен Халықаралық олимпиада өткізіліп отырады.

Шетелдік әскери оқу орындармен тәжірибе алмасып тұрамыз. Әсіресе, Смоленск қаласындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери институтымен, Тверь қаласындағы әскери институттармен байланыс орнатылған. Оған қоса, еліміздегі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев атындағы ҚазТҰУ, Алматы энергетика және байланыс университеті сияқты жетекші оқу орындармен тығыз байланыстамыз. Сондай-ақ, курсанттар білім алмасу бойынша Халықаралық ақпараттық технология университетінде киберқауіпсіздік жағынан оқудан өтеді, - дейді институт бастығы.

Оның сөзінше, қазір әлем бойынша киберқауіпсіздікті нығайтуға көп көңіл бөлініп жатыр. Соңғы үш жылда аталған институтта да киберқауіпсіздік бойынша мамандар дайындала бастаған. Киберқауіпсіздік қорғаныстағы рөлі ерекше әрі маңызды сала көрінеді. Егер олар сырттан келген қандайда бір шабуылға қарсы тұра алмаса, бүкіл Қорғаныс күштері істен шығып қалуы мүмкін. Сондықтан қазіргі заманда киберқауіпсіздікті күшейту өте маңызды. Міне, біз осы салада мамандарды дайындап жатырмыз. Олар кәсіби тұрғыда өте мықты болу керек.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Институт жыл сайын 150-200 аралығында курсант қабылдайды. Оқуға қабылданатын курсанттар саны мемлекеттік тапсырысқа байланысты. ҚР Қорғаныс күштері анализ жасап, бес жылдан кейін осы салаға осыншама маман керек деп есептеп, сол бойынша тапсырыс береді. Оған қоса курсанттардың барлығы мемлекеттің көмегімен тегін оқиды, ақылы бөлім жоқ. Оқуға түскен курсанттың киім-кешегі, тамағы, жатын орнын бәрін 5 жыл бойы институт өзі қамтамасыз етеді. Өйткені курсанттар Қарулы күштердің бір мүшесі болып саналады.

Сондай-ақ, оқуды аяқтаған курсантқа жұмыс орны да дайын әрі офицер лейтенант шені тағайындалады. Егер Қарулы күштер құрамында қалам десе, мамандығы бойынша бөлімшелерге жіберіледі. Одан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметінде де қызмет ете алады.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?


Ғылыми жобалар

Интститут әскери мамандарды дайындап қана қоймай, ғылыми жобаларды әзірлеуге үлкен көңіл бөледі. Оқытушылар мен курсанттар жасаған көптеген ғылыми жоба қазір Қарулы күштерде сынақтан өтіп жатыр екен. Оған қоса институттың жеке құрамы бірнеше жыл қатарынан «КADEX» Халықаралық қару-жарақ көрмесіне қатысып келеді.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Елбасы өзінің халыққа Жолдауының бірінде ғылыми бағыт, инновация жоғары оқу орындарында пайда болып, сол жерден бастау алу керектігін айтқан. Қазір біздің институт қабырғасында ғылыми тәжірибелер өте көп жүргізіліп жатыр. Соның бірі дрондарға қарсы ойластырылған қару-жарақ. Ол Қарулы күштерде тәжірибелік сынақтан өтіп жатыр. Егер ол тәжірибеден сәтті өтсе, оның кемшіліктерін жойып, ары қарай дамытып, пайдалануға береміз. Бұл оқытушылар мен курсанттардың бірлесіп жасаған өнімі, - дейді генерал-майор.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Сонымен қатар, ол сырттан келетін түрлі дрондарды бірден анықтайтын құралдар жасалып жатқанын және соған ұқсас ғылыми жұмыстардың көпшілігі әскер қатарында тәжірибеден өтіп жатқанын жеткізді.

Бұған дейін танкіні пульт арқылы қашықтан басқаруды тәжірибеден өткіздік. Ол жерде адам сыртта отырып басқарады, танкіні оқтау, басқа да қызметтері автоматты түрде жасалады. Оны әлі де жетілдіріп, дамыту қажет. Бастысы бірінші қадам жасалды. Курсанттардың дипломдық жобаларында дронның бірнеше түрі қамтылады. Олар 2-3 келіге дейінгі затты тасымалдай алатын дрондар жасап шығарды. Курсанттардың ғылыми жұмыстарға деген қызығушылығы жоғары. Былтыр робототехникадан Қазақстан бойынша өткен жарысқа біздің курстанттар бірінші рет қатысып, 16 инженерлік жоғары оқу орынның ішінде үшінші орынды жеңіп алды. Ғылыми жұмысқа араласып жүрген курсанттардың кейбірі осында жұмысқа қалады. Кейбірі ғылыми жұмысын одан ары жетілдіру үшін Қорғаныс институтына тапсырып, магистратура, PНD доктарантураға түсіп жатыр. Институтта бірнеше өз түлектеріміз жұмыс атқарып жатыр, - дейді ол.

Мұстабековтың айтуынша, қазір ақпараттық технологияның заманы. Сондықтан Қазақстан Қарулы күштерінде де автоматты басқару жағына көңіл бөлініп, даму үстінде. Институт осы тұрғыда мамандарды тәрбиелеп жатыр.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?


Курсант өмірі

Әскери істегі киберқауіпсіздік мамандығы бойынша 3-курста оқып жатқан Дастан Қанат есімді курсант киберқауіпсіздік қазіргі таңда ең өзекті мамандықтың бірі екенін айтады.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Себебі ХХІ ғасыр электроника, радиотехниканың дамыған заманы. Қазіргі жағдайда шет-шеттен төніп тұрған қауіптерге сенімді жауап қату үшін киберқауіпсіздік мамандығын енгізді. Мен соның алғашқы курсанттарының бірімін. Бұл мамандықтың ең негізгі беретіні әскери істегі киберқауіпсіздіктен болатын барлық қауіптің көзін жойып, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі барлық қауіпті жағдайды жақсарту, - дейді курсант.

Сонымен қатар, ол өмірде кибер шабуылмен бетпе-бет кездеспегенін айта келе қазір қандай бағытта білім алып жатқанын жеткізді.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Ақпараттық қауіпсіздік, оны қалай қорғаймыз, әуе, жер және судың барлығын қорғау кезіндегі әрекетті бағдарламаға енгізіп жатырмыз. Жалпы әр кибер шабуыл жасаған кезде оны ғарыштан, яғни спутник арқылы оның жердегі нүктесін тауып алуға болады. Сондықтан ешбір шабуыл жасырын қалмайды. Біздің басты мақсатымыз – соны тауып, тиісті органдарға жеткізіп, олардың көзін жою, - дейді ол.

Дастан бала кезінен форма киген әскери адамды көргенде, «өскенде менде осындай болсам» деп көп армандаған. Кейін сол арманын іске асыру мақсатында осы оқу орнын таңдапты. Әскери қызмет атқару – ол әрбір адамның азаматтық парызы деп білетін ол оқу барысында әскери өмірді өзіне толық сіңіріп, соған бейімделе білгенін айтады.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Таңертең сағат 06.00-ден тұрып дене жаттығуларын жасаймыз. Радиациялық, биологиялық қорғауға уақыт беріледі. Кейін таңғы ас ішіп, сағат 09.00-13.00 аралығында оқу өтеміз. Түскі астан кейін курсанттарға жеке уақыт беріледі. Онда бірі сабаққа дайындалса, тағы бірі спортпен шұғылданады. Одан соң үш сағат әскери өзіндік сабаққа дайындаламыз. Оны тәмамдаған соң тәрбие сағаты, спорт сағаты бар. Сенбі күні сенбілік жұмысы міндетті түрде өтіп отырады. Жексенбі демалыс, - дейді ол.

Әскер қатарында жүрсе де өлең жазып, шығарма жазғанды ұнататын Дастан әр адам шығармашылық жағынан дамып отыру керек деген ойда.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Өзім жеке уақытымда өлең шығарып, шығарма жазғанды ұнатамын. Ән айтып, домбыра, гитара шерткенді ұнататын курсанттар да бар. Кейбірі бос уақытын тіл үйренуге жұмсайды. Бір сөзбен айтқанда институтта әр адамның өзі ұнатқан нәрсесімен айналысуға бар жағдай жасалған, - дейді курсант.

Институт қабырғасында екі кітапхана бар, оның бірі оқу бағдарламасына арналса, екіншісі әдеби кітаптардан тұрады. Оған қоса, электронды кітаптар желісі де қамтылған. Институт басшылығы «Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болу керек деген қағиданын ұстанады екен. Яғни, болашақ офицерлердің мәдениетті болып қалыптасуына да көңіл бөледі. Оқу орнының екі КВН командасы бар. Олар Қазақстанның жоғары лигасында өнер көрсетіп жүр екен. Сондай-ақ, әскери-патриоттық клубы да бар. Олар жан-жағындағы мектеп, колледждермен бірлесіп, насихаттық жұмыстар жүргізіп тұрады.

Институт қабырғасында курсанттардың бір-біріне әлімжеттік жасауына жол жоқ. Бұл мәселе қатаң қадағаланады екен. Казарма, асхана және ғимараттың айналасына бейнебақылау камералары орнатылған.

Оқу орнының жеке құрамы әртүрлі қоғамдық және қайырымдылық іс-шараларға да белсене қатысып тұрады. Атап айтсақ, Қарттар үйі мен жетімдер үйіне барып қолғабыс ету, мерекелік шараларын ұйымдастырудан бөлек, қаланы көгалдандыру, қоқыстан тазарту жұмыстарына белсене қатысады.

Пандемия кезінде әскери қызметшілер бір алақандай жұмылып, алғы шепте қызмет еткен. Елбасы жариялаған республикалық #Bizbirgemiz акциясы аясында әскери-инженерлік институтының қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына азық-түлік таратқан. Оған қоса курсанттар қала көшелерін, ғимараттарды дезинфекциялау жұмыстарына белсене қатысқан.

Елімізде киберқауіпсіздік бойынша мамандар қалай дайындалып жатыр?

Өзгелердің жаңалығы