Елімізде интернеттегі алаяқтықпен күрестің арнайы бағдарламасы әзірленеді

4 Қыркүйек 2022, 07:11
1074
Бөлісу:
Елімізде интернеттегі алаяқтықпен күрестің арнайы бағдарламасы әзірленеді

Қазақстанда интернет-алаяқтықты бейтараптандыру және алдын алу бойынша ұйымдастыру және заңнамалық сипаттағы шараларды қарастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Мемлекет басшысы тапсырмасын орындау аясында Интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру көзделіп отыр. Осы мақсатта кешенді талдау негізінде киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың ведомстволық бағдарламасы әзірленеді. Мұндай қылмыстарды бейтараптандыру және профилактика жөніндегі ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы шараларды көздеу жоспарланып отыр, – деді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Министрдің айтуынша, ауыспалы абоненттік нөмірлерден қоңырауларды бұғаттау тетіктерін әзірлеуге де ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, уәкілетті органдармен бірлесіп, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтеміз. Бұл азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттырады, – деді ІІМ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы