Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл интернет алаяқтықтың 5 мыңға жуық фактісі тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтарға 188 млн теңгеге жуық шығын қайтарылды,-деді ол.
Сондай-ақ алаяқтар көбінесе интернет саудасы арқылы адамдарды алдайтынын атап өтті.
Жыл басынан бері интернет саудасы арқылы алдау бойынша 1905 қылмыс тіркелген. Сондай-ақ банк пен құқық қорғау органының қызметкері болып алаяқтық жасаған 1278 қылмыс тіркелген, -деп атап өтті маман.
Оқи отырыңыз: