Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр

22 Қараша 2021, 15:33
972
Бөлісу:
Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов хабарлады. 

Оның айтуынша, интернет-алаяқтық қазіргі таңда елімізді ғана емес, бүкіл әлемде орын алып отырған өзекті мәселелердің біріне айналуда.

Мемлекет Басшысы биылғы Қазақстан халқына жолдауында алаяқтық қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдау керек екенін атап өтті. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әр түрлі амалдарды қолданады. Сол себептен, осындай қылмыстардың саны жылдан жылға көбейуде. Цифрлық технологиялардың дамуы оларды пайдалану арқылы жасалатын ұрлықтардың өсуіне әкелді. Соңғы уақытта интернет-алаяқтық кең қоғамдық резонанс тудырды, - деп атап өтті Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ 2019 жылы Қазақстанда олардың саны 7 мың 700 болса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 мыңнан астам қылмыс жасалған.

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда биыл 10 айда олардың саны 80%-ға 17 мың 800 қылмысқа дейін өсті, - деді департамент бастығының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін республикамызда 10 күн ішінде 122,5 мың жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелгені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы