Елімізде III Nobel Fest конференция өтеді

19 Қазан 2021, 13:17
12907
Бөлісу:
Елімізде III Nobel Fest конференция өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков мәлім етті.

Оның мәлімдеуінше, қазан айының 26-29 күні елімізде «III Nobel Fest» «Болашақ бүгіннің өзінде» тақырбында білім және ғылым бағытындағы фестиваль ұйымдастырылады. Еліміздің және Орталық Азия мен Кавказ университеттерінің оқытушылары Нобель сыйлығының лауреаттарымен, ғылыми Оскардың лауреаттарымен және басқа да әлемге әйгілі ғалымдармен тікелей жүздесіп, пікір алмасау мүмкіндігіне ие болады.

Біздің шарамыздың негізгі мақсаты – Орталық Азия және Кавказ мемлекеттерінде жұмыс істеп жүрген түрлі саланың азаматтарына нобель сыйлғының иегерлері және белгілі ғалымдар мен ірі кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастыру. Қазіргі заманның ең маңызды мәселесі – адами капитал. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңдағы ірі компаниялар 10 жыл бұрын шикізат пен қаржы өңірінің компаниялары болатын. Бүгінгі таңда 10 үздіктің ішінде 8 компания иновациялық технологиялық ұйымдар. Яғни, адами капиталды кеңінен пайдалатын компаниялар, -деп атап өтті Нөгербеков.

Елімізде III Nobel Fest конференция өтеді


Оның сөзінше, бұрын ғалымдар білім және ғылым саласында басым болатын. Бүгінгі таңда үздік компаниялардың жанында ғылыми институттар жұмыс істейді. Олар ғалымдардың адами капиталын пайдалана білгеннің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Дамыған елдерде нобель сыйлғының иегерлерімен және басқа да ғалымдармен жиі кездесу өткізіледі.

Өкінішке қарай дамушы мемлекеттерде мұндай кездесулер аз. Сол себепті бүгігі шараны ұйымдастырып отырмыз. «III Nobel Fest» ерекшелігі фестиваль тек елімізде ғана емес Өзбекстанда, Әзірбайжанда өткізіліп жатыр. Бұл жобаның болашақта одан әрмен дамитынына сенемін, -деді G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы.



Өзгелердің жаңалығы