Елімізде идея бағаланбайды – сәулетші

17 Тамыз 2022, 17:47
1268
Бөлісу:
Елімізде идея бағаланбайды – сәулетші
Фото: автордан

Бұл туралы “Ұлттық идеология және …” жобасына берген сұхбатында сәулетші, дизайнер Елзат Мұқаш айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде идея бағаланбайды, материалды зат бағаланады. Ал сәулетші, дизайнер идеяны сатады. Батыс елдерінде бұл еңбек лайықты дәрежеде бағаланып жатыр, – деді ол.

Сәулетшінің сөзінше, елімізде идеяны бағалау үрдісі енді-енді қалыптасып келеді.

Сәулет өнерінде бірінші жұмыс эскиздік жобадан басталады. Бірақ біз оған мән бермейміз. Жұмыстың екінші қадамы – жұмыс жобасы, яғни сызбалар жасау. Қазақстанда ғимарат салайын деп жатқандар алдымен эскиз емес, жұмыс жобасын жасайтындарға барады да, “бізге мынадай ғимарат керек” дейді. Олар эскиздік жобаны, идеяны ойламайды, сызбасын жасай алатын ғимаратты жасай салады. Ал эскиздік жобасы болмай сызбадан басталған ғимарат сәні жоқ, ойы жоқ, идеясы жоқ нысан болып шығады, жүрегі жоқ қораптар пайда болады, – деді сәулетші.

Сондай-ақ спикер елімізде эскиздік жобаны бағаламай, сәулет өнері дамымайтынын айтты.

Сәулетке қатысты осы және өзге де мәселелерді толығырақ “Ұлттық идеология және …” жобасының жаңа маусымында (қыркүйекте) жарияланатын сәулетшімен сұхбаттан көре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы