Елімізде халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2025 жылға дейін жалғасады

12 Желтоқсан 2022, 11:26
808
Бөлісу:
Елімізде халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2025 жылға дейін жалғасады

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сонымен қатар ол халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы іске асырылып жатқанын алға тартты. 

Табысты қолдау шеңберінде 3 млн-нан астам адамның жалақысы көтерілді. Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға дейін, мұғалімдердің – 25 пайыз, бюджет сферасының басқа қызметкерлерінің жалақысы – 20 пайыз, өндірістік персоналдың жалақысы – 10-50 пайыз аралығында ұлғайтылды.Бағдарламаны іске асыру шеңберінде биыл 11 айда 563 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл жоспардан 27 пайызға көп, - деді Үкімет басшысы. 

Айтуынша, республикалық бюджеттің кірістері жыл басынан бері 100 пайыздан артық орындалған.

Республикалық бюджеттің кірістері 11 айда 101,9 пайызға орындалып, 9,7 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдан 46 пайызға көп. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты  қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс халықаралық сарапшылардың оң бағасын алуда. Standard and Poor’s және Fitch агенттіктері Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде растап отыр, - дейді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы