Елімізде Франкофония көктемі фестивалі өтеді

1 Наурыз 2024, 11:37
404
Бөлісу:
Елімізде Франкофония көктемі фестивалі өтеді
Фото: автордан

Франкофония көктемі фестивалі елімізде 14-рет өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Армения, Бельгия, Канада, Франция, Марокко, Румыния, Швейцария және Тунис елшіліктері француз тілі мен франкофон мәдениетін насихаттайтын Франкофония көктемі фестивалін ұйымдастырады. Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қала қонақтарына кино, музыка, көрмелер мен түрлі байқаулар ұсынылады. Фестиваль тек елордада ғана емес Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Павлодар қалаларында өтеді.

Әр жылда өтетін фестивалді әртүрлі жасауға тырыстық. Биыл Франкофония көктемі фестивалін әдеттегідей кино апталығы бастайды. Түрлі музыкалық шаралар өтеді. Франкофония бағдарламасының түйінін француз джаз сахнасының жұлдызы Габи Артмани 16 сәуірде Астана опера театрында концерт беріп, 20 сәуір күні Алматы қаласының филормониясында қояды. Интернет желісінен іс-шаралар туралы ақпаратты алуға болады. Баршаңызды шақырамын, -деді Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс.

Өзгелердің жаңалығы