Елімізде еңбек мигранттарының тапшылығы болуы мүмкін бе?

29 Маусым 2021, 12:58
2953
Бөлісу:
Елімізде еңбек мигранттарының тапшылығы болуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да құжатсыз тұратын, мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау жөніндегі акцияның қорытындылары туралы өткен брифингте айтты.

Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасында еңбек мигранттары туралы келісім бар. Бұрыннан Өзбекстан азаматтары Кореяда жұмыс істейді. Бізде ондай келісім жоқ. Алайда олар бізге келіп жұмыс істей алады. Еңбек мигранттары бізге жетіспей қалады деп айтуға болмайды. Бізде де жұмыссыз жүрген азаматтар бар. Бірақ олар аз айлыққа бармайды. Өзбекстан азаматтары келіседі, - деді ол.

Сейтжанов атап өткендей, азаматтығы жоқ деп саналатын тұрғындар санатын атады.

Қазақстанда аумағында құжаттарсыз, не 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының негізінде ҚР азаматтары азаматтығы жоқ адамдар деп танылады. Азаматтығы жоқ адам деп тану туралы қорытынды күнтізбелік 45 күн ішінде шығарылады. Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады және олар сондай міндеттерді атқарады, - деді Сейтжанов.

Өзгелердің жаңалығы