Елімізде ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесі әзірленіп жатыр

12 Қаңтар 2023, 17:06
733
Бөлісу:
Елімізде ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесі әзірленіп жатыр

Елімізде ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесі әзірленіп жатыр, - деп айтты Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, әдістеме негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеуге теңгерімді тәсілді қамтамасыз етуге тиіс.

Өзгелердің жаңалығы