Елімізде экологиялық рейд жаздың соңына дейін жүргізіледі

28 Шілде 2020, 12:55
2043
Бөлісу:
Елімізде экологиялық рейд жаздың соңына дейін жүргізіледі
PHOTO VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Негізгі мәселе демалыс орындарында қалдықтарды жинауға рұқсат етілген тиісті полигондардың жоқтығы болып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда экологияға байланысты заңбұзушылықтарға қатысты жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын. Осыған орай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР ІІМ, ұлттық парк инспекторлары, қоғам белсенділері және журналистердің қатысуымен әр сенбі-жексенбі күндері табиғи демалыс орындарында рейдтер өткізуді қолға алды. 

a4431efc-1bba-4aab-b494-cf63fa54757e.jpg

Алғашқы рейдті Бурабай ұлттық паркінде осы демалыс күндері ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов өткізді.

8c5979ec-911b-4128-ba7c-d51a39e43e5f.jpg

Президенттің экология саласындағы соңғы оқиғаларды, оның ішінде Көбейтұз қызғылт көліндегі, Каспийдегі итбалықтарға қатысты халықтың демалу мәдениеті мен экологиялық  санасының төмен деңгейін көрсететіні туралы оқиғаны бәріңіз білесіздер. Мемлекет басшысы осындай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. Сондықтан біз әр демалыс сайын ҚР ІІМ, ұлттық парк инспекторларымен, қоғам белсенділермен және журналистермен бірге табиғи демалыс орындарында рейдтер өткіземіз, - деді ол.
838da40d-0c55-4050-91f0-a78b11a1a26c.jpg

Комитет төрағасы екінші маңызды мәселе демалыс орындарында қалдықтарды жинауға рұқсат етілген тиісті полигондардың жоқтығы екенін айтты.

bd03fbd6-541a-4783-bb14-eb72ae52633e.jpg

Бурабай ауданында қалдықтарды жинауға рұқсат етілген бірде-бір полигон жоқ. Қазірде жергілікті әкімдік осы мәселемен айналысуда. Демалыс базаларындағы тазарту нысандары мен шығарындылар туралы мәселе бар. Санитарлық органдар бұл орындарға баруға шектеулер енгізгенге дейін, бұл жерлерге бір мезгілде 50 мыңға жуық адам келіп, соңдарына тау болып үйілген қоқыс тастап кететін. Бұл мәселені шешу үшін екі-ақ жол бар, ол – айыппұл салу және осындай жерлерде өзін ұстай білу мәдениетін енгізу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу, - деді ол.
6088603a-20c0-4312-b119-1c7a77574ae5.jpg

Зұлфыхар Жолдасовтың айтуынша, қолданыстағы полигондар көбінесе заңсыз, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, жол бойында жиі орналасады, өртеніп жатады. Сонымен қатар, халықтан қоқыс шығару үшін жиналған ақшаның қайда кететіні белгісіз, деді комитет басшысы. 

df765459-e3c6-4918-be3f-03b3cb566861.jpg

2015 жылы Экология министрлігі үлкен айыппұл сала отырып, Бурабай маңындағы рұқсат етілмеген полигонның қызметін тоқтатты. Сондай-ақ, оның айтуынша, кейбір елдімекендер мен демалыс базаларында тазарту қондырғылары жоқ болғандықтан, экологиялық жағдай нашарлауда. Соның бірі – Қазақстандағы ең көрікті жердің бірі – Бурабай.

bc896d41-f200-4317-87bc-dd5c208ad913.jpg

Бурабай, Зеренді және Щучье ауылдарында тазарту қондырғысы салынғанмен, пайдалануға берілмеген. Жалпы, бұл стихиялық қоқыстардың пайда болуына әкеліп соғады. Халық қалдықтарды далаға тастауға мәжбүр, - деді комитет басшысы.
78462183-da74-4813-88b7-7893a1d6214b.jpg

Экология министрлігі бұл мәселені жергілікті әкімдіктердің алдына қойып, қабылданған стандарттарға сәйкес келетін жаңа полигондар мен тазарту нысандарын салу туралы оң шешім іздеуде. 

c74f06e5-557e-43e8-904d-283b7335d8fd.jpg

Сонымен бірге, министрлік бірнеше рет дабыл қағып, азаматтарды демалыс орындарында қоқыс тастамауға, оны стихиялық қоқыс орнына тастамай, өздерімен бірге алып кетуге шақырды.   



f50c5acd-a967-4a45-a440-84bf58e9ac89.jpg

Экология министрлігінің ҚР ІІМ мамандарымен, қорғалатын табиғи аумақ инспекторларымен, қоғам белсенділерімен және журналистермен бірлескен демалыс орындарына рейдтері бүкіл Қазақстан бойынша жаздың соңына дейін демалыс күндері, туристердің жаппай келу маусымында жалғасады.

330cf4b5-c6a0-4691-b396-74709866a3dd.jpg

cad2bb2d-b5af-405f-9b93-837285fec311.jpg

Сонымен бірге, егер экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталса, заңбұзушыларға айыппұл салуға дейін қатаң шаралар қолданылады.


Өзгелердің жаңалығы