Елімізде дзюдо жарыстары жанданды

5 Наурыз 2022, 17:13
1377
Бөлісу:
Елімізде дзюдо жарыстары жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылдың ең алғашқы бәсекесі Ақтау қаласында өтті. Мұнда жастар арасындағы ел чемпионаты ұйымдастырылып, барлық аймақтан 500-ге жуық қатысушы жиналды, деп жазды Хабар24.

3 күнге созылған жарыс нәтижесінде Шығыс Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ бастады. Әсіресе 57 келідегі Мөлдір Бейсенова, 70 келідегі Роза Нысантайқызы және ерлер арасында орта салмақтағы Бекасыл Бейсенбаевтар алдына жан салмады. 

Бұған қоса қоржынында 1 күміс пен 1 қола бар. Ал жалпы есептегі үздік үштікті Алматы және Түркістан облыстары түйіндеді. Ішкі біріншілікте топ жарған спортшылар ұлттық құрамаға алынды. 

Енді олар алдағы халықаралық жарыстарда, оның ішінде Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды. 
 

Өзгелердің жаңалығы