Елімізде бауырсақ пісіруден жаңа рекорд орнады

19 Қазан 2019, 14:53
4302
Бөлісу:
Елімізде бауырсақ пісіруден жаңа рекорд орнады
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Талдықорғанда Орбұлақ шайқасының 376 жылдығына арналған мерекелік шара кезінде 2 мың келі бауырсақ пісірілді. 

Мерекелік шара аясында “Бауырсақ пати&QUOT"  фестивалі ұйымдастырылып, бауырсақ пісіруден жаңа рекорд орнатылды. 

Ұйымдастырушылар бауырсақ пісіруден жаңа рекорд орнату үшін таңғы 7 ден бері жұмыс істеп жатқандарын айтады. 

“Бүгінгі мерекелік шараға 25 қазан қойылды, онда таңғы 7 ден бері бауырсақ пісіріп жатырмыз. Піскен бауырсақты шетінен өлшеп халыққа тегін таратып жатырмыз”,-дейді шараны ұйымдастырушы Құралай Амантайқызы.

64dcfc04-b900-4c9c-9adb-94e3a8d2530c.jpg

Жаңа рекордт тіркеу үшін Алматыдан Қазақстан рекордтар кітабының рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков арнайы келіпті. 

“Елімізде бауырсақ пісірден рекордтар жиі жаңарып тұрады. Әсіресе Наурыз мейрамы мен басқа да мерекелік шараларда. Соңғы тіркелге рекорд 700 келі болған. Оны  “Жетінші" телеарна  Отбасы күніне орай өткізген шара кезінде пісірген болатын. Басқа жерлерде одан көп пісірілген болуы мүмкін, алайда соңғы рет ресми тіркелген 700 келі болды. Бүгнгі шара барысында рекорд жаңарып отыр, бұл алдағы уақытта кітапқа 2 тонна бауырсақ ретінде тіркеледі”, - деді ол. 

Бұған дейін Алматы облысында Орбұлақ шайқасына арналған мерекелік шара өтіп жатқанын хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы