Елімізде банктер мен кредиттік ұйымдардың қызметін реттейтін заң қабылданады

10 Қыркүйек 2024, 10:27
689
Бөлісу:
Елімізде банктер мен кредиттік ұйымдардың қызметін реттейтін заң қабылданады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет басшысының орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Президенттің Жолдауы аясында іске асырылатын іс-шараларға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы енгізіліп отыр. Құжат экономиканың тұрақтылығын арттыруға және азаматтардың әл-ауқатының өсуіне бағытталған 76 іс-шарадан тұрады, – деді Ұлттық экономика министрі Үкімет үйінде.

Министр жоспарда қандай іс-шаралар қамтылатынын атап өтті. Онымен қоса, Байбазаровтың айтуынша, елімізде ақша-несие саясаты желісі бойынша банктер мен кредиттік ұйымдардың қызметін реттейтін жаңа заң жобасы әзірленбек.

Заң жобасының негізгі міндеттері – экономикалық белсенділікті ынталандыру, цифрлық активтерді және қаржылық технологияларды реттеу. Осы бағыт бойынша теңгерімсіздікті жою мақсатында төленетін дивидендтерді ескере отырып, банк секторына теңгерімді салық салуды енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Салық және бюджет саясатын жетілдіру желісі бойынша осы жылдың соңына дейін кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыру, бюджет тапшылығының орнын толтырудың өтемақылық тетіктерін енгізу, Ұлттық қордың активтерін басқару тиімділігін арттыру мәселелерін қамтитын бюджет заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы