Бас прокуратура Мәжіліс депутаттарының кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында шаралар қабылдау туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бірлесіп 2015 жылдан бастап кəмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша дəйекті жұмыс жүргізіліп келеді.
Қылмыстық кодекске көптеген өзгеріс пен толықтыру енгізілді, жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін сотталған адамдармен жұмыс тəртібі қайта қаралды, зорлаушыларға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын (химиялық кастрация) міндетті қолдану көзделген, - деді Бас прокурор Берік Асылов.
Оның сөзінше, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балаларды мектептен үйге барып-қайту бағыттары қалыптасты, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасауға барынша бейімделген учаскелерде патрульдеу күшейтілді.
Өңірлерде көшпелі тексерулер жүргізілді, бірқатар кемшілік пен бұзушылық анықталды.
Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шоғырландырылған ұсыныстар əзірленді.
Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, профилактикалық есептерде тұрған адамдардың белгіленген шектеулердің сақталуын жəне жүктелген міндеттердің орындалуын тиісті жүйелі бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Оқу-ағарту министрлігіне білім беру мекемелерінде балаларға көрсетілетін психологиялық қолдаудың сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелері психологтарының жұмыс əдістерін жетілдіру ұсынылды, - деп жауап берді Бас прокурор.
Жергілікті атқарушы органдарға кəмелетке толмағандардың қатысуымен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыс жүктелген.
Сондай-ақ әкімдіктер көппəтерлі үйлерді салу кезінде қауіпсіздік құлыптарын орнату, балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу жəне оларды сақтамағаны үшін əкімшілік жауаптылық бойынша құрылыс ұйымдары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағдарланған.
Биыл екі маңызды бағдарламалық құжат əзірленді. Атап айтқанда, Үкіметпен жəне Бала құқықтары жөніндегі уəкілмен бірлесіп балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау жəне олардың құқықтары мен əл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған бекітілген Кешенді жоспары шеңберінде жүйелі жұмыстар басталды. Осы құжатта балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің бірыңғай есебін жүргізу жəне суицидтік мінез-құлық белгілері бар кəмелетке толмағандарды анықтау алгоритмін əзірлеу бойынша іс-шаралар жоспарланған, - делінген Бас прокуратураның ресми жауабында.
Бұдан басқа, нашақорлықтың алдын алу мен емдеуді жетілдіру, психоактивті заттарға тəуелді адамдарды медициналық-əлеуметтік оңалтуды дамыту жөніндегі іс-шаралар Нашақорлыққа жəне есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде іске асырылады.
Оны іске асыру барысында күтілетін нəтижелердің бірі - «нашақорлық» диагнозымен динамикалық бақылаудағы олардың жалпы санынан ұзақ ремиссиямен динамикалық бақылаудан алынған кəмелетке толмағандардың үлесін ұлғайту. Алкогольге жəне есірткіге тəуелді адамдарды есепке алу жəне медициналық-əлеуметтік оңалту амбулаториялық деңгейде 77 бастапқы психикалық денсаулық орталықтарында жəне ауылдағы 205 психикалық денсаулық кабинеттерінде жүзеге асырылады. Стационарлық көмек өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында жүзеге асырылады.
Есепке алынған адамдар жасаған қылмыстар (ағымдағы жылдың басынан бастап 4 мыңнан астам қылмыс қайта жасалды) қоғамдық резонанс тудырады. Осы бағытта бүгін біз «Е-Превенция» арнайы қосымшасын енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз (апробация Астана жəне Ақтөбе қалаларында жүргізілуде). Ол пробация қызметтері мен функциялары есепке алынғандар контингентін бақылаумен байланысты уəкілетті органдар жұмысының тиімділігін арттыруға арналған. Бұл жүйе жұмыстағы, оның ішінде кəмелетке толмағандар арасындағы жəне оларға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мəселелеріндегі формализмді жоққа шығаруға мүмкіндік береді, - деп жауап берді Асылов депутаттарға.
Сонымен қатар «тəуекел тобындағы» отбасылармен мақсатты жұмыс істеу үшін Құқықтық статистика деректері «Отбасының цифрлық картасымен» біріктіріледі.
Оның шеңберінде уəкілетті органдар тарапынан бақылау-қадағалау функцияларын оларды автоматтандыру жолымен, оның ішінде балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мəселелерінде күшейтуге бағытталған ақпараттық жүйені енгіземіз.
Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, соңғы жеті жылда қабылданған шаралармен кəмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың 3820-дан (2015 жылы) 1460-қа дейін (2023 жылы) 61,8% -ке, оның ішінде олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 52,3%- ке (1259-дан 600-ге дейін) дейін төмендегені байқалады.