Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде инфляция деңгейі төмендейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, инфляция деңгейі 2025 жылы 5,5-7,5%, 2026 жылы 5-6% деңгейіне, кейіннен 2027–2029 жылдары 5%-ға дейін төмендейді.
Макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының негізінде 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) болжамдар бойынша 2025 жылы 15,6 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 10,4%, 2026 жылы – 16,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 9,9%, 2027 жылы – 18,2 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 9,6% жетеді. Республикалық бюджеттің параметрлерінде кепілдендірілген және нысаналы трансферттердің мөлшері ескерілген. Осыны ескере отырып, республикалық бюджет шығыстары 2025 жылы 25,8 трлн теңге көлемінде болжануда, бұл жалпы ішкі өнімге 17,1%, 2026 жылы – 23,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 13,7%, 2027 жылы – 24,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 12,9% жетпек. 2025 жылы 3 250 млрд теңге көлеміндегі нысаналы трансферт әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ өңірлік өсу деңгейін қолдауға бағытталатын болады, - деді министр.
Еске сала кетейік, осыған дейін мұнай бағасына де болжам жасалды.