Елімізде азық-түлік 9,3% қымбаттады – Досаев

14 Сәуір 2020, 11:26
1448
Бөлісу:
Елімізде азық-түлік 9,3% қымбаттады – Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда азық-түлік бағасы 9,3%-ға өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезінде осы жылғы наурызда жылдық инфляция 2020 жылға белгіленген 4-6% нысаналы дәлізден асып, 6,4%-ға дейін көтерілді. Инфляцияға негізгі үлесті азық-түлік тауарларының қымбаттауы қосты. Олардың өсуі 9,3%-ға дейін жылдамдады. Мұндай динамика, бір жағынан, көкөністер бағасының науқандық өсуінен, ал екінші жағынан карантиннің енгізілуіне байланысты тосын сұраныстан туындады. Осы жылғы наурызда басқаларға қарағанда қант – 8,5, көкөністер мен жемістер – 5,1, қарақұмық жармасы – 2,5%-ға қымбаттады. Соның нәтижесінде осы жылғы наурызда азық-түлік тауарларының айлық инфляциясы 2017 жылдан бергі барынша жоғары мәнге жетіп, 1,7% болды, - деді Ерболат Досаев. 
Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауар бағасы жылдық көрсетуде 5,5%-ға өскен. 
Ақылы қызмет бағасының өсу қарқыны реттелетін коммуналдық қызметтің өткен жылғы төмен базасы әсерінің аяқталуы аясында 3,5%-ға дейін үдеді. Көлік, байланыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жекелеген қызмет тарифтері артты, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы