Елімізде автокөлік саласындағы сұранысқа ие мамандар дайындалмайды

Кеше, 11:08
196
Бөлісу:
Елімізде автокөлік саласындағы сұранысқа ие мамандар дайындалмайды
Фото: BAQ.KZ архив

Елімізге жаңа мамандықтар қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету саласын алсақ, Қазақстанда 5 млн-нан астам автокөлік тіркелген. Оның 12 мыңнан астамы электромобиль. Көптеген жаңа автокөлік интелектуалды жүйелермен, заманауи бағдарламалармен, гибридті тарту және тағы басқа жүйелермен жабдықталған, – дейді ол.

Нақыпбековтің сөзінше, автокөлік саласына қатысы бар кейбір мамандықтар оқу орындарында оқытылмайды.

Тек автокөлік бағыты бойынша біздің оқу орындарында дайындалмайтын мамандықтарға үлкен сұраныс бар. Мәселен, электр және гибридті автокөліктерге электромобильді зарядтағыштарды орнату және техникалық қызмет көрсету, жасанды интеллект көмегімен диагностикалық сериялық энергияны қалпына келтіру, қайта зарядтайтын батареялармен жұмыс істеу мамандықтары, – деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болатынын айтты. Үкімет жанынан "Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі" комиссия құрылды. Үкімет басшысы ұзақмерзімді әрі тұрақты экономикалық өсу факторы - адами капиталды дамыту екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы