Елімізде аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылғанына 5 жыл болды

13 Маусым 2022, 17:49
2029
Бөлісу:
Елімізде аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылғанына 5 жыл болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аумақтық қорғаныс әскерлері 2017 жылғы 13 маусымда құрылған болатын. Олардың міндетіне халықты, объектілер мен коммуникацияларды қарсыластың түрлі әрекеттерінен, диверсиялық немесе террорлық актілерден қорғау кіреді. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елімізде аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылғанына 5 жыл болды

Осы кезең аралығында әскерлер 6 мыңнан астам әскери міндеттіні оқытып, дайындады.

Әскерлердің қызметіне жалпы басшылықты полковник Ризат Қолпашев басқаратын Бас штабқа қарасты Аумақтық қорғаныс департаменті жүзеге асырады.

Барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталатын және төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу кезінде жергілікті халық арасынан әскери міндеттілерді шақыру арқылы өрістетілуі мүмкін аумақтық әскерлер құрамалары жұмыс істейді.

Елімізде аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылғанына 5 жыл болды

Бастапқыда бұл бөлімшелер жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық мемлекеттік мекемелері ретінде жұмыс істеген болатын.

2018 жылғы сәуірде әкімдіктердің жанындағы аумақтық қорғаныс құрамалары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері аумақтық әскерлерінің әскери бөлімдері болып қайта құрылды. Сол жылғы мамыр айында өткен Жауынгерлік парадта Мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне құрамалардың жауынгерлік туларын табыс етті. Жылдың соңында, яғни желтоқсан айында әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша әкімнің көмекшісі лауазымы енгізілді. Оған әскери қызметте қажетті тәжірибесі бар Қарулы күштердің офицерлері тағайындалды.

Елімізде аумақтық қорғаныс әскерлерінің құрылғанына 5 жыл болды

Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілердің жиынын өткізіп тұрады. Аумақтық әскерлер мен жергілікті атқарушы органдар лауазымды адамдарының оқу-жаттығулары мен біліктілігін арттыру курстарын өткізу де бір жүйеге түскен.

Бүгінде Аумақтық қорғаныс әскерлері Қарулы күштердің ауқымы кең оқу-жаттығуларына тұрақты түрде қатысып, өздерінің міндеттерін сәтті орындап жүр.

Өзгелердің жаңалығы