Елімізде ашаршылық құрбандарын тіркейтін «Жоқтау» порталы іске қосылады

15 Желтоқсан 2021, 18:20
1585
Бөлісу:
Елімізде ашаршылық құрбандарын тіркейтін «Жоқтау» порталы іске қосылады
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Филология ғылымдарының докторы, «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес «Желтоқсан. Декабрь. 1986» атты кітабының таныстырылымы барысында мәлімдеді.

Жиын барысында Ғ. Әнес аталған баспа қандай шығармаларды басып жатқанына тоқталды, оның ішінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша еңбектер дайындалып жатқанын атап өтті.

2020 жылы Президент саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде жарлық шығарды. Ол бойынша 10 топ құрылды, соның бірі осы Желтоқсан оқиғасына арналған. Жалпы осы жұмыс тобының нәтижесі бойынша 10 кітап шығарылады, Желтоқсан кітабы алтыншы, бұған дейін ашаршылық туралы 3 кітап, одан бөлек тағы екі кітаптың тұсауы кесілді. Алдағы уақытта Кенесарының басы келіп қалуы мүмкін деген хабар бар, соған байланысты да деректер шығады. Оған қоса ұжымдастыру, халық көтерілісіне қатысқандар туралы «Бандылар» жайлы кітап шығарылады,-деді Ғарифолла Әнес.

Сонымен қатар ол құрылған комиссиямен Алматы облысында қуғын-сүргін жылдары қанша адам атылғаны, қанша көтеріліс болғанын анықтау бойынша үлкен жұмыс жүріп жатқанын және ашаршылықтан құрбан болғандар санын анықтау бойынша республикалық сайт іске қосылатынын жеткізді.

Бұл «Жетісудың шерлі тарихы» деген үлкен бағдарлама, 2-3 томға сияма белгісіз. Сондай-ақ ақылдаса келе «Жоқтау» деген порталды қолға алдық, ол 15 сайттан тұрады. Онда Желтоқсан бөлек, компеске бөлек сайт болады. Қазір бір миллионнан аса адамның тізімін таптық. Тарихшылар аштық құрбандарына қатысты әртүрлі санды айтады. Біз соны шамамыз келгенше нақтылап, ол 3 немесе 5 миллионға жетеме бәрін анықтағымыз келеді. Одан кейін құн сұрау, халықаралық сотқа беру мәселесі тұр. Бұған дейін репрессияға қатысты кітап шықты, атылғандар 44 мың деп жүрдік, алайда жабық архивтер ашылғалы олардың саны 3-4 есеге көбейіп жатыр. Тек, Алматы облысынан 4017 адам атылды деп айтылған, қазір ол кем дегенде 15 мың болғаны айтылып жатыр. Сондықтан тарихшылардың барлығы жабық архивтерде жұмыс істеп жатыр. Қазір комиссияның ішінен тағы бір комиссия құрылды, оның бастығы Берік Әбдіғали,-деді ол.

Оның айтуынша, ашаршылықтан өлгендердің тізімін жасау қиынға соғып отыр екен, әсіресе адамдардың аты-жөнін анықтау оңай емес сияқты.

Кімнің ата-бабасы ашаршылықтан қайтыс болды, сол бойынша халықтан дерек беруін сұраймыз. Өйткені Голощекинге күнде кешке қанша адам өлгені тұралы мәлімет беріліп отырған. Бірақ ол жерде адамдардың аты-жөні жоқ. Шежірені қарасақ ешкім бәленше адам аштан өлді деп жазбаған. Мұның барлығы алдағы уақытта сотқа беру үшін қажет,-деді  Ғ. Әнес.

Өзгелердің жаңалығы