Елімізде әрбір 5-ші бала кибербуллингке ұшырайды

5 Маусым 2022, 21:50
2104
Бөлісу:
Елімізде әрбір 5-ші бала кибербуллингке ұшырайды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жас ұлан» ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова  «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонда айтты. 

2021 жылы «Жас ұлан» жасөспірімдер ұйымы ұйымы әлеуметтік зерттеу жүргізді. Оған 3222 жасөспірім қатысты. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда әр 5-ші бала кибербуллингке ұшырайды. Көбіне ұлдар кибербуллинг жасайды және оған ұшырайды. Ал отбасылық тұрғыдан алатын болсақ, отбасындағы жалғыз бала кибербуллингке көп ұшырайды. Сонымен қатар интернетте көп өткізетін уақыт пен кибербуллингтің тікелей байланысы бар. Себебі интернетте отырған балалар тұйық және агрессияға бейім болады. Олар екі есе кибербуллингке ұшырайды, - деді Сәдуақасова. 

Өз кезегінде психолог Ержан Мырзабаев кибербуллингке интернетте көп отыратын балалар ұшырайтынын айтты. 

Сандық ортада және интернетте болып жатқан буллинг. Баланың онлайн әлемге көп қызығуы, офлайн өмірде қызығушылықтың аз болуы. Анам менімен сөйлеспейді, әкем мені түсінбейді дегеннен басталады, - деді психолог. 

Айта кетейік, Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Референдумға арналған телемарафон сағат 01:00-ге дейін өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы