Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде ақылы жолдар көбейеді

23 Мамыр 2025, 23:21
476
Бөлісу:

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдар көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, қазір ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 17 ақылы жол жұмыс істеп тұр, ал былтыр осы жолдардан 48 миллиард теңге жиналған.

Биыл жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұзындығы 6,2 мың шақырым болатын тағы 29 учаскеде ақылы жол жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Ақылы жолдардан жиналатын қаржы 100 миллиард теңгеден асады, – деді министр Сенаттағы Үкімет сағатында.

Қарабаевтың айтуынша, болашақта барлық жолды күтіп ұстау, техникалар сатып алу және алынған қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемелерін өтеу мәселелері де осы жол жүру ақысынан түскен қаражат есебінен шешілуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы