Елімізде ана мен бала өлімі азайды - Ажар Ғиният

10 Қаңтар 2023, 11:37
1087
Бөлісу:
Елімізде ана мен бала өлімі азайды - Ажар Ғиният

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният министрліктің қорытынды алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін былтыр ведомство кешенді жұмыс жүргізген. 

Бұл тапсырмаларды іске асырудың арқасында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды. Жыл қорытындысының наурыз айында шығуына байланысты, 2022 жылдың он бір айында халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға (29,7%), оның ішінде қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің шамамен 34%-ға (33,7%), обырдың – 8%-ға (8,3%), тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім -1,7 есе, ал туберкулезден болатын өлім-жітімнің 12,5%-ға төмендегені байқалады, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы ана өлімі азайды деп отыр. 

Ана өлімі 3 есеге төмендеді. Ал нәресте өлім-жітімінің деңгейінде 3%-ға түсті. Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығының артқаны сөзсіз. Жылдық ресми статистика қорытындысы бойынша өңірлердің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері министрліктің келесі алқасында қаралатын болады, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы