Елімізде ана мен бала өлімі азайды

6 Қазан 2023, 12:25
1101
Бөлісу:
Елімізде ана мен бала өлімі азайды
Фото: BAQ.KZ - архив

Ұлт денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі. Парламенттік комиссия отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және өткен жылдың қорытындысы бойынша бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда ҚР-да жалпы өлім-жітім 29%-ға төмендеді, - деді Ажар Ғиният.

Ведомство басшысының айтуынша, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім 32,7%-ға, қатерлі ісіктен – 7,9%-ға, жарақаттан – 5,3 %-ға азайды.

Ана өлімінің айтарлықтай – 3 еседен астам төмендеуі байқалады. 2022 жылы нәресте өлімінің деңгейі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға төмендеді. Халық денсаулығы көрсеткіштеріндегі оң өзгерістер халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 74,44 жасқа дейін өсуіне әсер етті. Бұл ретте 2021 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,21 жылға өсті, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Өзгелердің жаңалығы