Елімізде алтын бұйымдар 6% қымбаттаған

27 Наурыз 2019, 12:19
3049
Бөлісу:
Елімізде алтын бұйымдар 6% қымбаттаған

Алматы, BAQ.KZ. Көктемде алтыннан жасалған әшекей бұйымдардың бағасы өткен жылғымен салыстырғанда, 5,8 пайызға қымбаттап, грамы орташа есеппен 16,3 мың теңгені құраған. Күміс бұйымдардың бағасы бір жыл ішінде 4,7%-ға қымбаттап, грамы 1500 теңгеге бағалануда. Бұл туралы energyprom.kz порталы жазды.

Ірі қалалар ішінде алтын бұйымдар бәрінен де астаналықтарға қымбатқа түскен. Онда алтынның бағасы 0,6% қымбаттап, грамы 23,7 мың теңгеге саудаланған. Ал Атырауда күміс бұйымдардың грамы 2,1 мың теңгеге дейін жеткен. 

Қазақстан Зергерлер лигасының төрағасы Қайсар Жұмағалиевтің айтуынша, отандық зергерлердің қазіргі жағдайы мәз емес. Өткен жылдан бері бағалы металды сатып алу кезінде ҚҚС төлеу міндеттелген, сондықтан алтынмен жұмыс істейтін шеберлер отандық зауыттарға баруды қойған, есесіне алтынды көлеңкелі нарықтан алып жатыр.

Лига төрағасының сөзіне сүйенсек, онсызда қиын кезеңді басынан өткеріп отырған отандық зергерлік саланың келешегі бұлыңғыр. Оның үстіне еліміздегі алтын нарығының 90%-ы импорт өнімдер иеленіп отыр екен.
Өзгелердің жаңалығы