Елімізде алты айда 9 462 интернет алаяқтығы тіркелді

16 Мамыр 2024, 15:07
469
Бөлісу:
Елімізде алты айда 9 462 интернет алаяқтығы тіркелді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда интернет алаяқтығы қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады және жалпы қылмыс деңгейі 15%. Сенатор Евгений Больгерт өзінің депутаттық сауалында киберқылмыспен күрес шараларын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутаттың айтуынша, ең кең тараған интернет алаяқтығы түрлеріне тауарлар мен қызмет туралы жалған хабарландыруды әдейі онлайн орналастыру, банктер мен құқық қорғау органдары қызметкерінің атынан қоңырау шалу арқылы азаматтардың шоттарынан ақша ұрлау жатады.

Кейінгі кезде баршаға белгілі WhatsApp және Telegram мессенджері арқылы алаяқтық жиілеп барады. Дүзіқаралар түрлі технологияларды қолдана отырып, алдау арқылы азаматтардың смартфондарын қашықтан игереді және олардан жалған хабарлама, ақша аударымы, қайырымдылық төлемдерін және т.б. ұйымдастырады. Deepfake сияқты технология бүгінде кез-келген адамның дауысы мен сыртқы келбетін қолдан оңай жасауға мүмкіндік береді, - деді сенатор.

Цифрлық даму министрлігінің деректері бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда дербес деректерге қол жеткізе алатын бір жарым миллионнан астам оператор бар. Деректердің олардан үнемі шығып кетуі жеке ақпараттың сақталуына жауапкершілік деңгейін күшейту қажеттігін көрсетеді. Депутат Евгений Больгерт осыған байланысты дербес деректерді жинау, өңдеу, сақтау және қорғау талаптарының сақталуына бақылауды қатаңдату, сондай-ақ операторлардың осы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етудегі жауапкершілігін арттыру жөнінде ұсыныс енгізу қажеттігін атап өтті.

Киберқылмыспен күрестемекемеаралық үйлестіруді күшейту, киберқылмыспен күрес қызметін кадрлық және материалдық-техникалық күшейту мүмкіндігін қарастыру қажет. Жаңа қауіп-қатерді ескере отырып, халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді бағдарламалық құжат әзірлеу, оның ішінде мектеп бағдарламасына үздік шетелдік практикаға ұқсас «қаржылық сауаттылық» пәнін әзірлеп, енгізу керек, - деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы