Елімізде алғаш рет «Ерте араласу» институты енгізілді – министр

1 Маусым 2022, 12:43
1452
Бөлісу:
Елімізде алғаш рет «Ерте араласу» институты енгізілді – министр
Фото: inform.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Сондай-ақ министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында министрлік оңалту көмегін дамытуға ерекше көңіл бөлетінін айтты.

Балаларға оңалту көмегінің қолжетімділігі артты. Соңғы 3 жылда оңалту төсектері мен орталықтарының саны 2 есеге ұлғайды. Орталықтар 12-ден 40-қа дейін, төсектер 2 575-тен 4 216-ға дейін көбейді. 2021 жылы 53 мыңнан астам бала оңалтудан өтті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп. Елімізде алғаш рет «Ерте араласу» институтын енгізу жөніндегі іс-шаралар басталды. Жыл соңына дейін 17 ерте араласу орталығы ашылады, онда жыл сайын 0 жастан бастап 3 жасқа дейінгі аралықтағы  10 мыңға дейін бала ем ала алады, - деді ведомство басшысы.

Белгілі болғандай, «Қадамдық қолжетімділік» қағидатын іске асыру шеңберінде өткен жылдан бастап балаларды амбулаториялық деңгейде оңалту енгізілген. 

Нәтижесінде тек қана  ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 4,2 мыңнан астам бала тұрғылықты жері бойынша емханалар деңгейінде медициналық оңалтудан өтіп жатыр. 2022 жылы «Қамқорлық» бастамасы шеңберінде 8 оңалту орталығы ашылды. Бұл жыл сайын өңірлік деңгейде 5 000-ға жуық баланы медициналық оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олардың жұмысы үшін оңалтудағы үздік халықаралық практика бойынша 398 маман даярланды. Орталықтар Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе облыстарында іске қосылды, - деді еліміздің бас дәрігері.

Өзгелердің жаңалығы