Елімізде 94 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді

25 Шілде 2023, 22:29
2440
Бөлісу:
Елімізде 94 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді
Фото: архив

Елімізде биыл 94 мың талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, 2022 жылы 80 мың өтініш қабылданған болатын. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-арнасында жазды.

Министрдің мәліметінше, ең көп таңдалған қала – Алматы, 38 мың бала студенттік шағын өткізу үшін оңтүстік астанамызды таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 18 мың өтініш қабылданса, 6 мың адам Шымкент қаласының университеттерінде оқуға ниет білдірген.

Бірнеше жыл қатарынан талапкерлер ең көп сұранысқа ие оқыту бағыттары бойынша таңдауды өзгеріссіз жасап жатыр. Өтініштердің көпшілігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ тіс дәрігерлері, дипломаттар, заңгерлер және мұғалімдер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтілуде.

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Барлық отырыстарды 10 тамызға дейін өткізіп, грант иегерлерінің тізімін жариялауды жоспарлап отырмыз. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау, әдеттегідей, 25 тамызда аяқталады, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы