Елімізде 76 млрд тонна мұнай-газ ресурстары болуы мүмкін – министр

18 Ақпан 2020, 10:16
3811
Бөлісу:
Елімізде 76 млрд тонна мұнай-газ ресурстары болуы мүмкін – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның 15 шөгінді бассейндерінде, шамамен, 76 млрд тоннаны құрайтын  мұнай-газ ресурстары бар деп болжам жасалып отыр.

Мұндай болжамды Үкіметтің кезекті отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.
Болжам, себебі бұл шөгінді бассейндердің геологиялық зерттеу дәрежесі әртүрлі. Толық зерттелмеген. Көмірсутегі туралы айтар болсақ, еліміздің 15 шөгінді бассейндерінде, шамамен, 76 млрд тоннаны құрайтын  мұнай-газ ресурстары бар деп болжам жасалып отыр. Бұл шөгінді бассейндердің геологиялық зерттелу дәрежесі әртүрлі. Оның бесеуі игерліген. Бесеуі аз зерттелген және бесеуінің перспективасы төмен. Каспий маңы, Үстірт бозашы, Маңғышлақ, Оңтүстік Торғай, Зайсан бассейндерінің терең қабаттарын геологиялық іздестіру-барлау жұмыстарына жеке инвестиция тарту жоспарлануда. Ал аз зерттелген 5 шөгінді бассейн – Солтүстік Торғай, Ертіс маңы, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу аумақтарында геологиялық зерттеуді мемлекеттік бюджет есебінен жүргізу қажет деп есептейміз, - деді бас геолог.

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы пайдалы қазбалардың әлеуетін анықтап кен орындарын ашу үшін көп аймақта геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру керек. 
2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен қатты пайдалы қазбаларға іздеу жұмыстары жүргізілген кезде Үлкен Қаратауда мұнай көзі анықталды. Енді осы аумақтың перспективасын анықтау үшін геологиялық барлау жұмыстарын әрі қарай жалғастыру қажет. Тоқсаныншы жылдары жүргізілген заманауи сейсмикалық зерттеулердің нәтижесінде Қашаған, Қаламқас, Теңіз және басқа кен орындары ашылды, - деді Мырзағалиев Үкімет отырысында.
Осыған дейін министр Қызылорда облысында мұнай өндірісі төмендегені туралы айтқан болатын. Елдегі кен орындарынан қазбаны алғаннан кейін орнын қайта толтыру деңгейі тиісті дейгейде іске аспайды.


Өзгелердің жаңалығы