Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. Оның айтуынша, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда.
1-ші компонентпен 8,7 млн адамнан астам адам егілді. Егілуге тиісті халықтың 76,6%-ы немесе жалпы халықтың 46,2%-ы қамтылды. Екінші компонентпен тиісті халықтың 70,8%-ын немесе жалпы халық санының 42,7 %-ын қамти отырып, 8,0 млн астам адам вакцинацияланды, - деп атап өтті Марат Шоранов.
Сонымен қатар елімізге Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түскен.
Бүгінгі күні 62 707 бала және 17 015 жүкті және бала емізетін әйелдер егілді. Вакцинаны жеткізу апта сайын жалғасуда, - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр «Омикрон» штамының таралуы себепті Қазақстан бірқатар елдің азаматтары үшін шекараны жабатыны туралы айтқан болатын.