Елімізде 4 мыңнан астам қылмыс тіркелген

31 Қаңтар 2022, 11:23
1194
Бөлісу:
Елімізде 4 мыңнан астам қылмыс тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтпаев дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 4 мыңнан астам (4060) қылмыс тіркелді,оның 300-ден астамы қоғамдық орында, 80-нен астамы көшеде жасалған. Қылмыстың ең көп саны Шығыс Қазақстанда (412), Алматыда (394), Қарағандыда (382), Алматыда (378), Шымкентте (361), Солтүстік Қазақстанда (313) тіркелді, - деді Айтпаев.

Ол атағандай, 2700-ден астам қылмыс ізін суытпай ашылды. 

Мысалы, биылғы 19 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері «Qazaq Oil» жанармай құю бекетіне түнде медициналық бетперде киіп кіріп, жанармай бекетінің операторы мен кассирін кассадағы пышақпен және балғамен қорқытқан бұрын сотталған екі азаматты ұстады. Олар 100 мың теңгеден астам және ұялы телефонды ұрлаған, - дейді ол. 

Өзгелердің жаңалығы