Ауа райы: 38 градус ыстық болады

20 Қыркүйек 2019, 14:13
2653
Бөлісу:
Ауа райы: 38 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 20-22 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын жасады. 

Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймақтарында бұлтты, жауын-шашынды болып, температура төмендейді.

Жексенбі күні атмосфералық фронттар солтүстік, орталық және оңтүстік, ал дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жетіп, бұл аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

Бірақ демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда максималды ауа температурасы плюс 30…38°С болып, климаттық нормадан 4…8°С жоғары болады.



Өзгелердің жаңалығы