Елімізде 32 мыңнан астам иісті газ датчигі орнатылды

Бүгiн, 19:02
124
Бөлісу:
Елімізде 32 мыңнан астам иісті газ датчигі орнатылды
PHOTO
Фото: ТЖМ

Қазақстан ТЖМ тұрақты негізде өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс жыл бойы жүргізілуде, ал жылыту маусымы кезінде бұл жұмыстың векторы тұрғын үй секторына бағытталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыту маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігіне тексерілген және тұрақты аулаларды аралау барысында қайта қаралатын халықтың әлеуметтік осал топтарының 100 мыңнан астам үйі ерекше бақылауда. Анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкессіздіктер міндетті түрде тұрғындарға жеткізіледі.

Елімізде 32 мыңнан астам иісті газ датчигі орнатылды

Тексеру барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар пеш жабдықтары мен электр желілері мен аспаптарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу болып табылады: пештер мен мұржалардағы жарықшақтар, пеш алдындағы металл қабаттың болмауы, жанғыш конструкциялардан өртке қарсы бөлгіштердің болмауы, электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі, электр сымдардың оқшаулауының бұзылуы және т.б. Бұл бұзушылықтарды жою көбінесе үлкен шығындарды қажет етпейді.

Жергілікті атқарушы органдармен және волонтерлермен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 32 мыңнан астам иісті газ, табиғи газ және түтін датчигі орнатылды (2024 жылғы маусымнан бастап).

Барлық жерде өткізілетін іс-шараларға қарамастан, қаңтар айында елде 760 өрт тіркелді, оның 580-і пештер мен электр жүйелерін орнату және пайдалану кезінде талаптардың бұзылуына байланысты болды.

Елімізде 32 мыңнан астам иісті газ датчигі орнатылды

ТЖМ әркім өз үйін қауіпсіз ете алатынын еске салады! Ол үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

- тек жұмыс істейтін пештер мен электр құрылғыларың пайдаланыңыз;

- пештердің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;

- мұржаны күйеден уақытында тазалаңыз;

- пеш пен электр құрылғыларының ақаулықтарын үнемі тексеріп отырыңыз;

- балаларға пешті жағуға тапсырмаңыз;

- сіріңке мен тұтандырғыштарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар.

Елімізде 32 мыңнан астам иісті газ датчигі орнатылды
Өзгелердің жаңалығы